Мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасуды көздеп отыр

Мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасуды көздеп отыр

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0-0, 29 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді. Мексикалық боксшы қазір орта дивизионда өнер көрсетіп жүр, деп хабарлады Vesti.kz. Мұның алдында боксшылар 7 мамыр Техаста жекпе-жек өткізуге келісті деген ақпарат болған. Алайда Мунгия сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды.

"Жаңа ғана Мунгиямен телефон арқылы сөйлестім. 23 сәуірдегі Димитриус Баллардпен жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бірақ мен одан GGG-мен айқас жайында сұрадым. Оның жауабы: "Қазіргі таңда менің карьерам үшін GGG-мен жекпе-жек керек. Бұл маған бокста көмегін береді. Бұл менің карьерама көмек болады", – деп жазыпты Кацовиц.