Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды

Қазақстанда 9 сәуірде коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 11 сәуірдегі мәлімет бойынша, 32 899 адам короновирус инфекциясынан (32 241 КВИ+ және 658 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 003 пациент стационарда, 20 896 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 546 адамның жағдайы ауыр; • 163 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.