Қазақстандық теннисші Швейцарияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Швейцарияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Қазақстандық-грузиялық жұп жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында канадалық Ребекка Марино – жапониялық Юки Наитомен кездесті. Данилина мен Горгодзе басты бәсекеде 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дода барысында олар алғашқы айналымда корт иелері Дженни Дерст – Себастьяна Скллипотиді 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сосын ширек финалда украиналық Ангелина Калинина – ресейлік Валерия Савиныхтан айласын асырды – 7:6, 6:4. Жартылай финалда қазақстандық пен грузиялық спортшы чехиялықтар Анастасия Детюк – Йохана Марковамен кортқа шықты. Бұл жұп ширек финалда осы жарыстың 1-ракеткалары белоруссиялық Лидия Морозова – румыниялық Кристина-Андреа Митуді 7:6, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп кеткен еді. Дегенмен олар Данилина мен Горгодзеге қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6.