Айдос Ербосынұлының келесі жекпе-жегі өтпейтін болды

Айдос Ербосынұлының келесі жекпе-жегі өтпейтін болды

WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарының иегері қазақстандық Айдос Ербосынұлының жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның қарсыласы Евгений Шведенко Айдостан коронавирус табылғанын жазды.

«Жекпе-жек өтпейді, қарсыласым коронавирус жұқтырды! Әлде айла тапты! Тез жазыл! Қолдау көрсеткендерге рақмет!» - деп жазған Шведенко Instagram парақшасында.
Ербосынұлы – Шведенко жекпе-жегі 17 сәуірде германиялық Карлсруэ қаласында өтуі керек болған. Бұл кездесудің жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен титл үшін жекпе-жек өткізетін еді.