«Мотоциклмен жарық бағанасын соқты» – полицей 17 жастағы жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді

«Мотоциклмен жарық бағанасын соқты» – полицей 17 жастағы жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің дерегінше, Reiser маркалы мотоциклін жүргізген 17 жастағы жігіт Қорғалжын тасжолымен Байғанин көшесіне қарай келе жатып, көлігін басқара алмай, көшедегі жарық бағанасына соғылды.

Мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алды. Оқиға орнында көз жұмды. Тергеу басталды. Полицейлер жол апатына көбінесе, жүргізушілердің қауіпсіздік ережесін сақтамауы, жылдамдықты шектен тыс асыруы, жол ережесін бұзуы себеп болатынын айтты.