Креативті индустриялар өндірісін өңірлерде де дамытуға мүмкіндік көп. Жетілген білім беру инфрақұрылымы және кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру – ел экономикасына маңызды процестерді қайта бастауға, өңірлерге болашағы зор кәсіби мамандарды тартуға серпін береді.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде креативті Индустрия Орталығы құрылып жатыр. Бұл - кәсіби сарапшылар қоғамдастығына маңызды мәселелер бойынша пікірталастар өткізетін, идеялар мен шетелдік тәжірибе трансфертіне бастамашылық жасап, жаһандық процестерге талдау, мониторинг жүргізетін және олардың өңірге, жалпы елге әсерін бағамдайтын алаң. – Орталық ақпараттық насихаттау, кәсіби желілер мен қауымдастықтар; ұйымдастырушылық әлеуетті арнайы білім беру және өмір бойы білім алу арқылы нығайту; инкубаторлар мен акселераторлардың жұмысы; кластерлер мен хабтар құру; интернационалдану бағыттарында озық идеяларды іске асырады, – дейді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.