Алматыда Mega маңындағы жол апаты: жүргізуші ішімдік ішкен бе?

Алматыда Mega маңындағы жол апаты: жүргізуші ішімдік ішкен бе?

Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, екі көлікті соғып, тротуармен келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Жол апатынан бес адам ауыр жарақат алды. Бір әйел қайтыс болды.

Прокуратураның мәліметінше, адам өліміне себепкер болған жол апатына айыпты автобус жүргізушісінің қанынан алкоголь мен есірткі табылған жоқ. Алматы прокуратурасы Тengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауапта соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жүріп жатқанын айтқан.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, автобус жүргізушісінің қанында ішімдік және есірткі заттары табылған жоқ. Жол-көлік оқиғасы себебін және автобустың техникалық жағдайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды», – дейді прокуратура қызметкері.

  https://youtu.be/8S8QlL614Ro

Жол апаты 27 ақпанда Алматыда Сейфуллин даңғылы бойында болған еді.