Павлодарда оқушы пневматикалық тапаншамен жұрттың зәресін ұшырды

Павлодарда оқушы пневматикалық тапаншамен жұрттың зәресін ұшырды

Үйінде пневматикалық пистолет тауып алған 12 жастағы оқушы үйінің ауласында атқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесі, 44/5 үйдің ауласында атысқа ұқсас дыбыстарды естіген көршілер полиция шақырған.

Біз 12 жастағы оқушының 29 жастағы ағасына тиесілі шкафтан пневматикалық тапанша тапқанын анықтадық. Содан кейін үйдің ауласында бос сыра бөтелкелерін жинап, оларды атуды бастаған. «МР-53м» маркалы тапанша пневматикалық қару болып табылады және еркін айналымда сатылады, - деді ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.
Кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен осындай фактілерге жол бермеу және қаруды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.