Қостанай облысы Қарамырза ауылында 39 үйді су басты

Қостанай облысы Қарамырза ауылында 39 үйді су басты

Қазір  адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар үйдегі суды сорғымен тартып алған. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары көктемгі су тасқынына қатысты жағдайды жіті бақылап отыр.

 «Күн күрт жылынды. Қар еріген соң Қостанай облысының орталық және солтүстік бөлігіндегі өзендер мен су қоймаларында су деңгейі көтеріліп жатыр. Көктемгі су тасқынының қаупі күшейді. Өзендерде мұз еріп жатыр. Қазір облыс бойынша қар еріп, көбі кетіп, азы қалды. Яғни 6 пайыздан аз», – дейді мамандар.