АҚШ-тың Юта штатында жаңа заң қабылданды. Заңға сәйкес, кез келген келіншек аяғы ауыр кезден бастап, сәбиді дүниеге әкелгенге дейінгі аралықтағы бүкіл шығынның өтеуін ер-азаматтан талап ете алады.
Ол жерде келіншек нәрестенің әкесімен отбасылы немесе ерлі-зайыпты болуы міндетті емес. Бастысы, ол сәбидің әкесі екені дәлелденсе болғаны. Ондайда баланың әкесі шығынның тең жартысын төлеуі керек. Ал дәлел болмаса азаматтың шығынды төлемеуге құқы бар.Өтемақы ер-азаматтан бірден алынбайды. Баланың анасы қажет деп тауып, ер-азаматтан көмек сұраса ғана шығынды өтейді. Әзірге бұл заңды бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Соған қарамастан 5 мамырдан бастап заң күшіне енеді.Егер келіншектің медициналық сақтандыруы болса, бұл шығын 4 500 доллар шамасында болады. Ал сақтандырусыз нәрестені туғанға дейінгі шығын 10 мың доллар екен.