Көлде матраста жатқан қыз халықтан кешірім сұрады

Көлде матраста жатқан қыз халықтан кешірім сұрады

Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады. 

Роликтің кейіпкері Карина Маратованың айтуынша, бейнені әлеуметтік желіде жариялау үшін оның командасы Kazakh Tourism-нен рұқсат сұраған, мақсаты Қазақстанда туризмді танымал ету болғанын айтты.

"Kazakh Tourism-ден рұқсат алдық, бірақ Экология министрлігінен рұқсат алу керек деп ойламадық. Біз видеоны таңертең түсірдік. Бұл уақытта инспекторлар аумақты аралап шықты, олар болған жоқ, сондықтан біз олардан рұқсат сұрамадық. Айыппұл төлейтінімізді айтты. Қатемізді мойындаймыз. Біз қателестік", – деді ол.

Карина Маратова қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Менің ролигім біреуге ұнады, біреуге ұнамады. Бірақ бұл жақсы ниетпен жасалды. Біз ешкімді көлде жүзуге шақырған жоқпыз", – деді Карина Маратова.

Алайда Карина Маратованың Сәкен Ділдахметпен татуласу ниеті жоқ. Вайнердің айтуынша, оның Facebook-тағы жазбасы және порностудиямен салыстырғаны ар-ожданына нұқсан келтірді. Қыздың айтуынша, үстінде құтқару кеудешесі болған.  Десе де, ол қазақстандықтарды бұл әрекетін қайталамауға шақырды.   https://youtu.be/wPrR2pe1J-M

Видео: arnapress.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі видео авторына айыппұл салынатынын хабарлады.