Көлгінов қаладағы өзекті мәселелерді партия жіті қадағалайтынын айтты

Көлгінов қаладағы өзекті мәселелерді партия жіті қадағалайтынын айтты

Жиын эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өтті.

Күн тәртібінде  бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиналыстарын, өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Филиалдың сайланбалы органдары (Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, бақылау комиссиялары) мен БПҰ төрағаларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 19 сәуір мен 14 мамыр аралығында партиялық жиындар өткізіледі.   Қазіргі таңда партия филиалының қатарында 306 БПҰ, оның 37 мыңнан астам партия мүшесі бар. Сондай-ақ Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының  2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған 11 қоғамдық кеңестің төрағалары мен құрамы бекітілді. Кеңес төрағасы депутаттар – мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі, көшбасшылар. Филиал басшысы Қоғамдық кеңестерге партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды тапсырды. Оның ішінде қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыттары кірді. Бағыттардың басым бөлігі қолжетімді тұрғын үйлер, оқу орындар, медициналық орталықтар құрылысын жүргізу, газдандыру жұмыстары жүргізу, шет аймақтарды дамыту, жол-инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті қолдау және т.б. Жиында филиал төрағасы жиынға қатысқандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.