"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін 2019 жылдың ақпанынан бері атқарды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте.

Сонымен қатар ол барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтілетінін хабарлады. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды.

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстандағы жолдардың жағдайы туралы айтып, үкіметке жағдайды жақсарту туралы тапсырма берген еді. Нәтижесінде, 12 сәуірде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-да республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының сапасын жақсарту және жөндеу мәселелері бойынша кеңес өткен болатын.