Алматыда Аяжан Еділованы жерлеу рәсімі өтті

Алматыда Аяжан Еділованы жерлеу рәсімі өтті

Zakon.kz-тің жазуынша, 16 сәуірде Аяжан Еділованы Алматыда жерледі.

«Өмірге құштар белсенді, мақсат қойғыш, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні кісі қолынан қаза тапты. Туыстарының қолына Аяжанның денесінің қалдықтары мырыш табытқа салынған күйінде тиді... Орны толмас қайғы, иманды болсын», – деп жазды «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін Аяжан Еділованың өлімі туралы жазған болатынбыз.