Ақтөбе облысында бүгінге дейін 96 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 9-ы вирустың симптомды түріне шалдыққан.
Ақтөбе облысы бойынша өткен тәулікте тағы 120 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның тең жартысынан астамы дерттің симптомды түріне шалдыққан. Бүгінге дейін өңірде 7 мыңнан астам жағдай тіркелсе, оның 75 пайыздан астамы жазылды. Әлі де 4400 адам үй карантинінде отыр. Олар екі апта бойы дәрігерлер бақылауында болуы тиіс.Оның айтуынша, соңғы кездері жастар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі көбейді. «Көбі үйде ем жүргізіп, ауруды асқындырып алады. Бұл – дұрыс емес. Тіпті естіген, сұрап білген дәріні ішіп, жүре береді. «Қызыл» аймақта болған соң, шектеу жоғары. Маска тағу, қол жуу, арақашықтықты сақтау білімге емес, жауапкершілікке, санаға байланысты», - деді Рүстем Исаев.«96 баладан коронавирус анықталса, оның 9-ы ауруханада жатыр. Бәрінің жағдайы бір қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Көбісі жөтеліп, басы ауырып, дене қызуы көтеріліп-түсіп отыр. Сонымен бірге 8 жүкті әйел пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылды. Тағы 22 жүкті келіншек – үй карантинінде. Біз күн сайын мониторинг жүргіземіз. Аурухананың жансақтау бөлімінде жатқандардың 17 пайызының жасы 50-ге толмаған. Ал 50-64 жас аралығында 14 адам жатыр. 24 науқастың жасы 65-тен асқан. Жансақтау бөліміне көбіне қант диабеті, жүрек-қан тамырлары, бүйрек, бауыр жетіспеушілігі, созылмалы ауруы бар адамдар түседі», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.