Елордада көлік шұңқырға түсіп кетті

Елордада көлік шұңқырға түсіп кетті

Елордада көлік жолдағы  шұңқырға түсіп кетті. Қала басшылығы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Ш.Уәлиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысындағы жол жабындысындағы ойық мердігер ұйым диаметрі 300 мм. СДР 17 трубасын сүңгіту тәсілімен тарту кезінде технологиялық процестерді сақтамауы салдарынан пайда болған. Соның кесірінен жауын суын ағызатын канализацияның коллекторын (канализациядағы сұйық зат пен газды шығарып тұратын кең труба) су шайып кетіп, жол үстінде шұңқыр пайда болған. Бұл келеңсіздікке себепкер болған мердігер ұйым жауапқа тартылады», – делінген хабарламада.
Ойықты бітеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.