COVID-19: Бір күнде 20-дан астам адам қайтыс болды

COVID-19: Бір күнде 20-дан астам адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың дерегін жариялады. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмды. Оның 22 КВИ+, бір адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Нұр-Сұлтан – 2 адам, Алматы – 6 адам, Ақтөбе облысы – 1 адам, Алматы облысы – 4 адам, Атырау облысы – 2 адам, Жамбыл облысы – 1 адам, Батыс Қазақстан облысы – 3 адам, Қарағанды облысы – 1 адам, Қызылорда облысы – 2 адам, Павлодар облысында 1 адам коронавирустан қайтыс болды.

Бұған дейін бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейгенін жазған болатынбыз.