Карантинде аудан тұрғындарын қиындықтан Иван Сауэр құтқарды

Карантинде аудан тұрғындарын қиындықтан Иван Сауэр құтқарды

Жиналыс барысында 2019-2020 жылдарға арналған БПҰ төрағаларының есептері тыңдалып, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен орынбасары, партияның аудандық және қалалық конференцияларына қатысу үшін делегаттар сайланып, Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасы талқылануда.

Бүгін Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина»  бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда төрт партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантин талабын сақтай отырып, аралас форматта өтті. Оған 80-нен астам партия мүшелері қатысты. Бастауыш партия ұйымы мемлекеттік органдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, ауылдық жерлерді дамытуға және оларды жаңғыртуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыруды мақсатты түрде жалғастыруда. Өздеріңіз білетіндей, партияның жобасы – «Ауыл – ел бесігі» елді мекендерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бүгінде ауыл мектебінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жас мұғалімдер жұмыс істейді.   Сондай-ақ, соңғы 2 жылда 15 жас маман ауылдық округке еңбек етуге келді. Сондай-ақ, «Родина» ЖШС агрофирмасы аудандағы барлық әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге, атап айтқанда, сумен жабдықтау жүйесін, жылу желілерін күтіп ұстау, жолдарды тазарту немесе жөндеу, жарықтандыру, балаларды әкелу, мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру, зейнеткерлерге, мүгедектерге көмек көрсету, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу, әлеуметтік объектілерді күтіп-ұстау және материалдық жабдықтауға көмектесуде. Былтыр агрофирма аудан тұрғындарының емделуіне, бала туылса, үйлену тойларына, жерлеу рәсімдеріне 6,5 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Садовое кентіндегі мәдениет үйін мемлекет есебінен 6 910 500 теңге көлемінде шатырын күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ ғимарат ішіне 3 455 000 теңге көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ауыл ішінде көгалдандыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл игілікті істер одан әрі жалғаса бермек. Жиналыстың шешімімен бастауыш ұйымның жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Дауыс беру кезінде Nur Otan партиясы Целиноград аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясына делегаттар сайланды. Партия мүшесі, «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэр, партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Андрей Веревкин, БПҰ төрағасы Талғат Мұқышев және аудандық мәслихат депутаты Сергей Ибряевтар делегат ретінде бірауыздан сайланып, ал партия мүшелерінің көпшілік дауысымен «Родина» БПҰ төрағасы болып,   ауылдық округ әкімі   Талғат Мұқышев және оның орынбасары ретінде Сергей Ибряев сайланды. Партиядағы есептік-сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өтіп жатқандығын естеріңізге саламыз.  Партиялық ұйымның есепті кезеңдегі жұмысы бағаланған соң, партия мүшелері БПҰ төрағаларын сайлап, немесе қайта сайлайды. Сондай ақ, саяси кеңестер мен бюроның құрамын жаңартады. Барлық ұйымдастырушылық процедуралар «партияны жаңғырту» жағдайында өтуде. Сайланбалы органдардың активіне негізінен халық арасында беделге ие жастар, әйелдер, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар сайлануда. 19-23 сәуір аралығында облыс бойынша бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары, 26-28 сәуірде аумақтық филиалдардың есеп беру-сайлау конференциялары, ал сәуір айының соңында облыстық партияның ХХХІV конференциясы өтеді. Жалпы, Ақмола облысында 37 мыңнан астам партия мүшелерін біріктіретін 276 БПҰ бар.