Ақмола облысында бір күнде 2 адам өрттен көз жұмды

Ақмола облысында бір күнде 2 адам өрттен көз жұмды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласының Застанционный кентінде үй өртенді.

«Өртенген үйден 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. Үй иесінің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деді мамандар.

Сондай-ақ Бурабай кентінде вагон өртеніп, бір адам қайтыс болды. 11 адам 2 арнайы өрт сөндіру техникасымен вагондағы өртті сөндірді. Вагоннан 1955 жылғы күзетшінің денесі табылды.