Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Қазақстанға шетелдік жұмысшылар көбінесе қай елден келеді?

Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 14 794 рұқсаты бар шетелдік Қазақстанда еңбек етіп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсатта мынадай санаттар бар: бірінші санат – 648 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 240 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 397 адам және 491 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 329 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 689 адам бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 641 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 489 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл жалпы жұмысшы санының 97%-ы. Қазақстанда Қытайдан – 3 617 адам, Түркиядан – 1 490 адам, Үндістаннан – 1 098 адам, Ұлыбританиядан – 947 адам, Өзбекстаннан 1 369 адам келіп жұмыс істеп жүр.