Telegram-чаттарда COVID-19 қарсы қытайлық Sinovac вакцинасын қазақстандық әзірлеме ретінде ұсынады деген теория талқылануда. Пайдаланушылардың айтуынша, препаратты елімізге Қытайдан әкеліп, оның жапсырмаларын ауыстырады екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл тұжырымдарды жоққа шығарды деп хабарлайды stopfake.kz сайты.
«Елімізде Sinovac вакцинасы әлі жоқ, бірде-бір жеткізілім жүзеге асырылған жоқ. Тиісінше, қазақстандықтарды онымен екпейді. Қазіргі кезде Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасы қолданылуда. 26 сәуірден бастап отандық QazVac препаратымен вакцинациялау басталады», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.Демек, Қытай өндірілген препарат отандық вакцина деп ұсынылатыны туралы тұжырымдар жалған. Елімізде қытайлық Sinovac препараты жоқ, ал отандық вакцинаның әзірленуі мен клиникалық сынақтары туралы соңғы мәліметтер ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында үнемі жарияланып тұрады.