Finprom.kz хабарлауынша, тұрғын үйдің қолжетімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 109 елдің ішінде 35-орынды иеленді. Рейтинг жылжымайтын мүлік бағасы мен халық табысының арақатынасы бойынша есептелген.
Мұндай көрсеткіш Қазақстанда 9,63 болды (бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы). Қазақстан тұрғын үй қолжетімділігі бойынша барлық Еуразиялық экономикалық одақ елдерін (Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения) және Өзбекстанды басып озды. Рейтингте Сауд Арабиясы көш бастап тұр. Ел халқының табысы мен ондағы жылжымайтын мүлік бағасының айырмасы көп емес, сондықтан онда тұрғын үй қолжетімді. Ал ең соңғы орында Сирия тұр. Ондағы көрсеткіш - 63,23.