Алты облыста дауылды ескерту жарияланды

Алты облыста дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 27 сәуірде болатын ауа райына байланысты 6 өңірде ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 27 сәуірде оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болмақ. Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында 27 сәуірде найзағай күтіледі. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 27-29 сәуірде кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.