Бұдан былай шекарадан өткенде сауалнаманы смартфон арқылы толтырады – министр

Бұдан былай шекарадан өткенде сауалнаманы смартфон арқылы толтырады – министр

Бұл туралы Бағдат Мусин Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім. Бір айта кетерлігі, осы уақытқа дейін сауалнамалар қағазға толтырылып келді. Енді мұндайға жол берілмейді. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін қолмен жазып, деректер қорына енгізеді екен. Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырсаңыз жеткілікті. Веб-ресурс қолжетімді, онда жолаушы сауалнаманы алдын ала толтырады. Мұндай қызметтер Еуропада бар. Тек QR кодты сканерлеп, сауалнаманы толтырып, өтіп кетесіз. Эпидемиологтар жұмыстан кейін отырып, мәліметтер базасын толтырудың орнына сол уақытын туыстары мен достарына арнаса дейміз», – дейді Бағдат Мусин.