Айуандықпен жасалған қылмыс Киевте болған. 16 жастағы жасөспірім бүкіл отбасын пышақтап тастаған. Ол ең алдымен, әкесін бауыздап, артынан анасы мен 8 жасар інісін де аямаған.
Қазір жасөспірім ұсталды. Қылмыскердің қолындағы пышақ та табылды. Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Жасөспірім әке-шешесі жайында ешкімге хабарламастан, бірнеше күн бойы олардың мәйіттерімен бірге тұрған. Арада біраз уақыт өткенде әке-шешесін таныстары іздей бастаған. Сол кезде бала үйінен қашып кеткен.