Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі алтын жеңіп алды

Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі алтын жеңіп алды

Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлады Olympic.kz. Қазақстан құрамасы Belgrade Winner халықаралық бәсекесін екі алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен аяқтады. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Ал Ертуған Зейнуллинов жарыста қарсылас шақ келтірмей, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. 81 келіде Нұрбек Оралбай мен 91 келіде сынға түскен Василий Левит күміспен күптелді. Тағы үш боксшымыз, атап айтқанда, Абылайхан Жүсіпов (69 кг.), Райыс Нұрқанат (75 кг.) және Нұрлан Сапарбай (+91 кг.) қоржынды үш қола жүлдемен толықтырды.