Оралда ауруханадан шығып, жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 сәуір күні сағат 12.13-те Деповская көшесінде белгісіз адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Оның 1 сәуір күні ауруханадан шығып, із-түзсіз кеткен 1955 жылғы ер адамның мүрдесі екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.