Алматыда жолаушылар автобусы мен екі көлік соқтығысты

Алматыда жолаушылар автобусы мен екі көлік соқтығысты

Үш көлік те Саин даңғылының бойымен солтүстікке қарай бір бағытта кетіп бара жатқан.

Renault Sandero ортаңғы қатарда, ал Peugeot Partner шеткі сол жақта жүріп отырған. Аяқ астынан Renault шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған. Алайда жүргізуші рульге ие бола алмаған. Осы сәтте Peugeot жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Renault көлігіне соғысқан. Соққы күшінен Renault аялдамада тұрған №38 жолаушылар автобусына барып соғылды. Жол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті. Оны ауруханаға жеткізді. Автобуста жолаушылар болмаған. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.