Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 2 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түнде 3 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Павлодар облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік күтіледі.  Павлодар қаласында түнде 02 мамыр 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с сақталады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.