2,5 триллион теңгеден астам жеңілдетілген кредит кімдерге беріледі?

2,5 триллион теңгеден астам жеңілдетілген кредит кімдерге беріледі?

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин бизнесті қарқынды дамытуға ерекше назар аударылатынын айтты.

«Пандемия кезіндегі шектеулерден шағын және орта бизнес зардап шекті. Сондықтан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі 2021 жылға арналған кешенді жоспар жаңартылды. Жоспарда шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың қосымша 60 шарасы бар», – деді Премьер-министр. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер арқылы бизнестің жүктемесін азайту, салықты төлеуді жеңілдету, кәсіпкер үшін қағазбастылықтың азаятынын айтты.

«Биыл шағын және орта бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту шеңберінде 47 мыңға жуық жобаны қамти отырып, 2,5 трлн теңгеден астам жеңілдікпен кредит беру ұсынылды. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бизнестің өтінімдерін қарау мерзімі 21 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Кредиттерді субсидиялау және оларға кепілдік беру шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру биыл 97% дейін ұлғайды», – деді Асқар Мамин.

Ол биыл 1 сәуір – 1 маусым аралығында шағын және орта бизнес субъектілері салықтың барлық түрін төлеу мерзімі кейінге шегерілгенін де  ескертті.