Жаңа қаулы: Жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Жаңа қаулы: Жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Қазақстанда кешеден бастап мешіттердің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр.

«Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) далада өткізу маска режимінде бір адамға кемінде 4 метр жер есебімен әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады» делінген жаңа қаулыда.

Жаңа қаулының негізінде вакцина алудың тәртібі де жеңілдетілді.