Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Омбудсмен офисінің құқық қорғау қызметі бағытында атқарып жатқан жұмыстары, оның ішінде, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған маңызды шешімдер жайында баяндалды. Бұл шешімдер азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін одан әрі нығайтуға бағытталған.