Арслан Дәндібаев 1975 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетті «Халықаралық қатынастар маманы, референт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол мерейтойлық медальдар мен Құрмет грамотасының иегері.
Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, атташесі. 1999-2002 жылдары – ҚР Стамбул қаласындағы Консулдығының атташесі. 2002-2003 жылдары – ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, Анкара қаласы. 2003-2005 жылдары – ҚР Амстердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы. 2005 жылы – ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Гаага қаласы. 2005-2006 жылдары – ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Анкара қаласы. 2006 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы. 2006-2009 жылдары – ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты. 2009-2012 жылдары – ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулдығының кеңесшісі. 2012-2014 жылдары – ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулы. 2014-2017 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы. 2017 жылы – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Протокол қызметінің басшысы. 2017-2018 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы. 2018-2019 жылдары – ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары. 2019 жылы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының басшысы.