Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысына биылғы 4 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ, әлемдегі инфляцияның өсуі мен басқа да инфляциялық мәселелер туралы есеп берілді.