Жас қыз саябақтағы аспалы көпірден секіріп кетті

Жас қыз саябақтағы аспалы көпірден секіріп кетті

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешке қалалық саябақтағы аспалы көпірде болды.

Көпірден секіріп кеткен қызды жедел құтқару жасағы жеткенше, сол маңда катамаранмен жүрген екі жігіт судан алып шықты. Құтқарушылар өзен-көл маңайында сақ болу керегін ескертеді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем сағат 19.07-де оқиға орнына шақыртылған. Қыздың миы шайқалып, іштен жабық ми жарақатын алғаны анықталды. Аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.