Алматыда бойжеткенді жолаушылар автобусы қағып кетті

Алматыда бойжеткенді жолаушылар автобусы қағып кетті

Алматыда бойжеткен қыз жолды кесіп өтемін деп автобус астына түсті. Оқиға 5 мамырда сағат 11.40 шамасында Навои көшесінде болған.

Zhontong автобусымен келе жатқан жүргізуші Навои көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші 7-қалалық клиникалық ауруханаға жіберілді, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шарипов.
Департамент  сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.