Шымкент коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді

Шымкент коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді

Шымкент коронавирус таралуы бойынша "сарыдан" "қызыл" аймаққа өтті. Ал Жамбыл облысы бұған дейін "қызыл" аймақта тұрып, бірден "жасыл" аймаққа енді. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалдың 7 мамырдағы бағалау матрицасы жарияланды. "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. ⠀ "Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғысау облыстары. ⠀ "Жасыл" аймақта: Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.