Көпбалалы ана  баспаналы болды

Көпбалалы ана  баспаналы болды

2021 жылдың сәуір айында партияның Мойынқұм аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлмира Тұңғышбаева өтінішпен барды. Ол аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі, Жамбыл атындағы мектеп-гимназия директоры Нұртас Ұзақұлына әлеуметтік жағдайы туралы айтып, үймен қамтамасыз етуді сұрады. Осыдан кейін Нұртас Ұзақұлы AіdуnNurу қайырымдылық қорына мәселе бойынша ұсыныс білдірді. Қайырымдылық қорының директоры Мөлдір Ақылбекова мен аудандық мәслихат депутаты Нұртас Ұзақұлы көпбалалы ананың тұрмыстық жағдайымен толықтай танысты. Нәтижесінде, өтініш иесіне Мойынқұм ауылы Желтоқсан көшесінен үй алып берді.