Мектепке жасалған шабуылдар: оқушыларға оқ атқан кімдер?

Мектепке жасалған шабуылдар: оқушыларға оқ атқан кімдер?

12 мамыр – Татарстан елінде қаралы күн жарияланды. Жантүршігерлік оқиға болған жерге гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатқан жергілікті тұрғындардың қарасы көп. Қазандағы кешегі қайғылы жағдай бәріне ортақ қайғы. №175 мектептің түлегі, 19 жастағы бозбала өзі білім алған ордасына келіп, балаларды қырып салған. Көзіне түскеннің бәріне оқ жаудырған. Салдарынан  9 адам қаза тауып, 21-і жарақаттанды. Оның ішінде – 18-і оқушы. Қазір олар ауруханада.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=r2CvPbnV8o0&ab_channel=%D0%9D%D0%B8%D1%87%D0%B5%D0%B3%D0%BE%D1%85%D0%BE%D1%80%D0%BE%D1%88%D0%B5%D0%B3%D0%BE[/embed]   Қайғылы жағдай 11 мамыр күні таңертең болған. Әлеуметтік желіде таралған видеодан 19 жастағы Ильназ Галявиев мектепке келмей тұрып, көшеде емін-еркін қарумен жүргенін көресіз. Тіпті қарсы бетте кездескен адамдарға қолын сермеп қояды. Оны көргендердің бірі тоқтатпаған. Ильназ кезінде өзі оқып кеткен мектебін қанға бояуына не себеп болғаны белгісіз. Анықталғандай, Ильназ Галявиев 24 сәуірде ТИСБИ университетінің колледжінен шығарылыпты. Соны білген әке-шешесі айқай-шу шығарған секілді. Соның есесін бүкіл әлемнен алмақ болды ма, кім білсін? Бірақ неге  төрт жыл бұрын бітіріп кеткен мектебіне барғаны тағы жұмбақ. Әйтеуір елге оқ жаудырмай тұрып, ол әлеуметтік парақшасына: «Бүгін біраз био қоқыстың көзін жоямын» деп жазған. Сөйтіп мектеп табалдырығын аттай бере оқ жаудырған. Өзін тоқтатпақ болған күзетшіні де аяғынан атып салған. Сол сәтте вахтада отырған келіншек қоңырауды (тревожная кнопка) басып үлгереді. Қазір екеуі де ауруханада. Ал бозбаланың қолындағы қару өзіне тіркелген. Оған қоса, оның қару ұстауына рұқсаты да бар болып шықты. Ол қаруды қалай алғаны әзірге тергеліп жатыр. [caption id="attachment_136329" align="alignnone" > ©kazan.aif.ru[/caption] Оқушылардың сөзіне қарағанда, алдымен жарылыс болған. Артынан оқ атылған. Сол кезде мұғалімдер балаларға дәлізге шықпай, тасаланып, сыныпта тыныш отыруын ескерткен. Сол аралықта Ильназ үшінші қабатқа көтеріліп, 8 «а» сыныбы отырған кабинетке кіріп, қарудан атқылай бастайды. Үш ұл, төрт қыз, бір сыныптан жеті оқушы мерт болды. Одан қорыққан оқушылар ешкімді тыңдамай, жан-жаққа қашып, терезеден секіре бастаған. Біразы аман қалды, арасында жарақат алғандары бар. Енді бірі әке-шешесіне хабарласып, мектепте белгісіз біреудің оқ жаудырып жатқанын айтып, құтқаруын сұраған. Мұндай қырғынның ішінде аман қалған – төменгі сыныптың оқушылары. Олар бірінші қабатта отырады екен. Ильназ Галявиев ол жаққа жетпей ұсталды.  Сол кезде ол өзін құдайға балап, анадан тумағанын айтқан. Тергеу барысында «Мен мұны бірден түсінбедім. Білгеніме екі ай ғана болды. Сол уақытта ішімнен бір құбыжық оянып, елдің бәрін жек көре бастадым» дейді ол. [caption id="attachment_136334" align="alignnone" > ©stuki-druki.com[/caption] Ел арасында  «40 жастағы терроршының ұйымдастыруымен мектептегі оқушыларды кепілдікке алып отыр» деген қауесет тарап кетті. Бірақ бұл ешқандай ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі емес еді.  Бір ғана бозбаланың ісі. Өзге қатысушылар әлі анықталмады. Қазір іс Ресей Федерациясының Тергеу комитетіне өткізілді. 105-баптың 2-бөлігі «Екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Істің мән-жайын анықтау үшін Мәскеуден арнайы құрылғылармен криминалистер де жіберілген. Жергілікті Білім министрлігінің хабарлауынша, осы жағдайда қаза тапқан және жарақат алғандардың отбасыларына төлем жасалады. Қаза тапқандарға миллион бөлінсе, ауыр және орташа жарақат алғандардың әрқайсысы – 400 мың рубль, ал жеңіл-желпі жарақат алған жандарға 200 мың рубль беріледі. Қаза тапқан тоғыз адамның екеуі – мұғалім. Олар: 26 жастағы Эльвира Игнатьева – ағылшын тілінің мұғалімі. 55 жастағы Венера Айзатова – бастауыш сынып мұғалімі. [caption id="attachment_136330" align="alignnone" > ©rg.ru[/caption] Осы жағдайдан кейін ойымызға бірден «Беслан трагедиясы» оралды. Осыдан 17 жыл бұрын Солтүстік Осетияның Беслан қаласында болған қанды оқиға. 2004 жылы 1 қыркүйекте Расул Хачбаров бастаған бір топ террористер №1 мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған жиын кезінде 1100-ден астам адамды үш күндей кепілге алды. Балалармен бірге ата-аналар, мектеп қызметкерлері  де болды. Оларды екі тәуліктен астам ас-сусыз, дәрі-дәрмексіз ұстап жатты. Сонда тұтқындардың негізгі бөлігі спортзалда болған, кейін оған террористер бомба орнатып тастады.

 Екінші күні Ингушетияның экс-президенті Руслан Аушев өз еркімен мектепке кіріп, лаңкестермен келіссөзге келмек болды. Нәтижесінде, анасы мен сәбидің 26-сын босатты. Үшінші қыркүйекте спортзалда екі жойқын жарылыс болды. Содан соң арнайы жасақ мектепке басып кірді. Жауынгерлер балаларды өз кеудесімен қалқалап, тұтқындарды спортзалдан алып шықты, террористермен атысты. Атыс кешке дейін созылған.

[caption id="attachment_136333" align="alignnone" > ©alternathistory.com[/caption] 334 адам теракт құрбаны болды, олардың 318-і – тұтқынға алынғандар, оның ішінде 186-сы – балалар. 810 адам жарақат алып, 72 бала мен 69 ересек адам мүгедек болып қалды. Қаза тапқандар арасында – Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің арнайы жасағының 10 қызметкері, РФ ТЖМ «Центроспастың» екі қызметкері және тұтқындарды құтқаруға атсалысқан Беслан тұрғыны. Сонымен бірге, билік Беслан құрбандарының туыстарына АУЕС тағайындаған барлық өтемақыны – шамамен 3 миллион еуроны төледі. Ал оқиғаға қатысқан 32 шешен террористің тек біреуі тірі қалды. Ол өмір бойына сотталды. [caption id="attachment_136315" align="alignnone" > ©www.m24.ru[/caption] Бейбіт күнде мектепке келіп, оқушыларға оқ ату өзге елдерде де болған екен. Мәселен, 2012 жылдың 14 желтоқсанында АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Сэнди Хук бастауыш мектебінде атыс болған. 20 жастағы Адам Ланза алдымен анасын атып өлтірген. Содан кейін мылтықты алып, бұрынғы мектебіне бет алған. Сонда жол-жөнекей кездескеннің бәріне оқ атқан. Салдарынан  27 адам қаза тапты, оның 20-сы – бала. Мектеп ғимаратына жақындай бергенде полиция көлігі дыбысын естіп, өз-өзін атып жіберген. [caption id="attachment_136323" align="alignnone" > ©lenta.ru[/caption] Ал осындай қанды оқиға 2009 жылдың наурызында Германияның Винненден қаласында болған. 2009 жылдың 11 наурызында Альбертвилл-Реалчюл училищесі қанға боялды. Оқу орнының бұрынғы түлегі Тим Кречмер  аяқасты ғимараттың ішінде оқ жаудырып, сыртқа шығып, аула сыпырушыны атып өлтірген. Сыртта көлігінде отырған адамға қару кезеп, қала сыртына алып шығуын талап еткен. Сөйтіп, үлкен жолға шыққанда жүргізушіні көліктен лақтырып жіберген. Ол уақытта жергілікті полиция қаланы қоршауға алып,  кірген-шыққан көліктерді тексере бастаған. Мұны байқаған қылмыскер, көлікті тұраққа қойып, сол жердегі авто салонға кіріп, сатушы мен клиентке оқ атқан. Сол кезде оқиға орнына полицейлер келген. Қылмыскер тағы оқ жаудырған.  Екі жақты атыс басталып кетті. Салдарынан қылмыскер аяғына жараланған.  Ақырында полицейлерге берілмей, өзін атып жіберген. Сөйтсе, жасөспірім ұнататын қызына сөз салады. Бірақ қыз оған келісімін бермеген. Соған ашуланған бозбала үйдегі әкесінің қаруын алып шығып, қызды өлтірмек болған. Оны өлтіріп, тіпті сол жолда оған бөгет болғандарды да қырып салған. 15 адам қаза болып, 11-і жарақаттанған. [caption id="attachment_136328" align="alignnone" > ©bezpekavip.com[/caption] Тағы бір оқиға осыдан 25 жыл бұрын, 1996 жылдың 13 наурызында Шотландияның кішкентай Данблейн қаласында болды.  Сол күні бастауыш сынып оқушылары үшін қорқынышты таң болды. Жергілікті жұмыссыз жүрген 43 жастағы Томас Гамильтон деген азамат кенеттен мектепке баса-көктеп кірген. Сөзінше, біреуге кек қайтармақ болған. Өзі қаруланып алған. Мектептің спортзалына кіре салып, ойнап жүрген 5-6 жасар балаларға оқ жаудыра жөнелген. Арасында тек бір бала ғана аман қалды. Сонда Гамильтон 3-4 минуттың ішінде 109 оқ атып үлгерген. Артынан өзін атып салған.  Салдарынан 16 бала мен мұғалім қаза тапты. Оның мұндай жағдайға баруының нақты себебі әлі күнге дейін белгісіз қалды.