Вакцинаның екі дозасын салдырған 44 қазақстандық коронавирус жұқтырған

Вакцинаның екі дозасын салдырған 44 қазақстандық коронавирус жұқтырған

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екі доза вакцина алған 44 адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін 44 адам ауырып қалған. Бұл - ресми мәлімет. COVID-19–ға қатысты әрбір жағдай тексеріледі», - деді М. Смағұл Орталық коммуникациялар қызметінде.
Өз кезегінде Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Қазақстанның бас репродуктологы Вячаслав Локшин вакцина алғаннан кейін антиденелердің қалыптасуының тиісті мерзімі болатынын айтты.
«Мен бірінші вакцинадан (бірінші компонент) кейін індетке шалдықтым. Бұған вакцинаның қатысы жоқ. Екпеден кейінгі антиденелер белсенді қалыптасуы 21-інші күнде болады. Бұл ретте індет вакцина алғанға дейінгі кезеңде жұққан болып тұр. Сондықтан екі дозаны алғаннан кейін індеттен қорғана алады», - деді ғалым.