Ақмола облысында қайын ағасына пышақ жарақатын салған әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 13 мамырда сағат 17:12-де Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне фельдшерден Жібек Жолы ауылында 46 жастағы ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түскен. Науқас Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына "тоқ ішектің пышақ жарақаты" диагнозымен жеткізілді. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зардап шеккен адамның мүгедек екенін, "ақыл-ой кемістігі" диагнозымен есепте тұрғанын анықтады. Оған дене жарақатын салған інісінің 24 жастағы әйелі болып шықты. Әйел өз кінәсін мойындады, бәрі жанжал кезінде болғанын айтты. Полицейлер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.