Tengrinews.kz-тің жазуынша, жалақы барлық мемлекеттік орган үшін бекітілген еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленеді.
Дереккөздің жазуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымы саяси мемлекеттік қызметшілер санатына жатады және оның лауазымдық жалақысы – 1 208 882 теңге.Ал агенттік төрағасы бірінші орынбасарының жалақысы – 911 041 теңге, ал агенттік төрағасы орынбасарларының жалақысы – 852 287 теңге.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы туралы жазған болатынбыз.