Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты, – деп жазады Қытайдың South China Morning Post басылымына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг: «Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек», – дейді. Ғалымның айтуынша, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек. Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын дәлелдеді. Ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны коронавирустың беткі антигенін қосып түрлендірген. Айта кетейік, былтыр Қытайда тараған дерт аз уақыттың ішінде Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзияға таралған. Бұған дейін коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жеткенін жазған болатынбыз.