Еліміздің бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық өңіріне мынадай кәсіпкерлік нысанда "Ashyq" жобасын іске асыру тапсырылды:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
- Алматы қаласының әуежайы;
- (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
2. Қоса беріліп отырған:
- осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңадан қатысушыларды қосу алгоритмі;
- осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
- осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
- осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітілсін.
3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды;
3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) арқылы пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
4) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және олардың Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) берілуін;
6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
- осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
- қызмет түріне тыйым салынған және рұқсат беру құжаттары (эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық мәні елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) жоқ объектілердің қатысуына жол бермеу мақсатында осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өңірлік кәсіпкерлік палаталарында қарау сатысында «Ashyq» жобасына қатысушылардың өтінімдерін келісуді;
- «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін.
- «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша):
- осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарауды және қатысушылардың тізімін әкімдіктерге жіберуді;
- жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
6. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
7. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері құзыретіне сәйкес шаралар қабылдауды және:
1) осы қаулының 3-тармағының 1) - 7) тармақшаларына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуының профилактикасы жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысының тиімділігін қамтамасыз етсін.
8. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері осы қаулының 4-тармағының 1) – 3) тармақшаларына сәйкес шаралар қабылдасын.
9. «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінін
мына жерден оқуға болады.