Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады,- деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, Қор қызметкерлеріне екпе егу барысы туралы баяндалды.