QazVac сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті

QazVac сыналуы тиіс болған маймылдар Отарға барар жолда қашып кетті

Қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізу керек болған макакалар Отарға тасымалдау кезінде қашып кетті. Бұл оқиға былтыр күзде болған. Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерінің бірі жануарды тасымалдау кезінде айырылып қалған, маймыл қашып кетті. [caption id="attachment_140417" align="aligncenter" > Фото: Айнаш Өндіріс[/caption] "Біздің жеткізушілер оларды Алматыдан алып келе жатқан. Түнде жолда көлік бұзылып, дөңгелегі жарылған. Көлікті жөндеп жатқан сәтте олар тордан шығып, далаға қашып кетті. Оларды екі күн бойы даладан іздедік, бірақ таба алмадық", - деді институт қызметкері. [caption id="attachment_140419" align="aligncenter" > Фото: Айнаш Өндіріс[/caption] Қызметкер жануарлардың нақты қайда қашып кеткенін білмейді. Болжам бойынша, Алматы немесе Жамбыл облыстарында жүруі мүмкін. Осы рейспен институтқа 5-6 макака жеткізілуі керек болған.

Сөйтіп QazVac Сочиден әкелінген басқа маймылдарға сыналған.