Жыл сайын 31 мамырда темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні аталып өтеді. Осы орайда «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Темекі туралы шындық» интерактивті көрмесін өткізеді.
Экспозиция темекі өнімдерінің, соның ішінде темекі индустриясының зиянсыз және қауіпсіз деп көрсететін жаңа өнімдерінің (IQOS, GLO, вейптер) зияндылығын интерактивті тұрғыда әрі ашық көрсетеді. Көрме Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағында сағат 11:00-де ашылады. Жалпы, бұл көрмені Теміртау, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындары да көре алады.Мурзанова Аружан Айтжанқызы.