Алты адам шамамен 2 миллиард теңгені (4,6 миллион доллар) қолма-қол ақшаға айналдырған. Олар қолма-қол ақшаны жымқыру үшін 8 жалған компания ашқан.
Соның салдарынан мемлекетке шамамен 200 миллион теңге салық төленбеген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.Салық төлеуден жалтарған топтың басшысы мен сыбайласы қамауда отыр.