1997 жылы Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әзер жеткені – бұл зұлматтың қаншалықты қасіретті болғанын көрсетеді.Нұржан Жетпісбаев: «Зұлмат жылдар – еліміздің тарихындағы қара беттер. Талай арысымыз ату жазасына кесіліп, ит шеккенге айдалды. Талай бейбіт отбасылардың оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Ашаршылық нәубетін көрген, одан қалды саяси қуғынға ұшырағын тұлғаларымыз артынан мол мұра қалдырып кетті. Мұны жастарға дәріптеу мақсатында іс-шаралар өткізу жоспарда бар. Мұндай шаралар тек астанада ғана емес барлық өңірлерде өтеді», – деді.