Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Facebook-тағы парақшасында жазды.
Депутат жүк көлігі жүргізушілерінің мәселесін шешуді Nur Otan партиясы бақылау комитетінің отырысында талқыға салды.«Еліміздегі ақылы жолдардың сапасы сын көтермейді. Тақтайдай тегіс болуы тиіс жолдар шұрық-тесік. Жолдың сапасын қадағалайтын жауаптылар қайда қарағаны, жол сапасын қалай тексергені беймәлім. Бізде жолдың «жыры» бітпейді. Есеп-қисапта «бәрі керемет» деп жазылғанымен, ақылы жолдардың аты затына сай емес. Сондықтан ауыр жүк көлігі жүргізушілерінің жанайқайына құлақ түріп, мәселені тез арада шешу керек», – деді Артур Платонов.